ЖОЛШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

64


Бүгін, 28 қарашада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында «Kaztraffic-2024» халықаралық көрмесі ашылды. Астана қаласында өтіп жатқан іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев қатысты.
Көрмеге Қазақстан, Қытай, Италия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Түркия, Әзербайжан, Ресей және Беларусьтің жүзден астам жетекші компаниялары қатысып, үздік инновациялық жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы (ЖАҰСО) көрмеде автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды. Бүгінде ЖАҰСО өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыру мен автоматтандыру элементтерін белсенді түрде енгізуде.
ЖАҰСО-ның жобалары, жұмыс нәтижелері және даму перспективалары туралы толығырақ ақпарат «Болашақ жолдары» халықаралық конференциясы барысында айтылады. Конференция аясында автожол саласындағы өзекті мәселелер, саланың орта мерзімді даму перспективалары және оларды шешуде бизнес өкілдерінің мүмкіндіктері конструктивті диалог негізінде талқыланады.
Айта кетейік, «Kaztraffic-2024» халықаралық көрмесі соңғы 20 жыл бойы жыл сайын өткізіліп келеді. Көрме 2 күнге созылады .