Шымкент: Бас дәрігер эпидахуалдың күрделенуіне байланысты вакцина салдыруға шақырды

697

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы қаладағы эпидахуал жайлы мәлімдеді.

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позиловтың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы қаладағы эпидахуал жайлы мәлімдеді.

– Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай күрделі. Біз әлі «қызыл» аймақтамыз. Өкінішке қарай, жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 345 адам көз жұмды. Қауіпті індеттің салдарынан қаза тапқан азаматтар вакцина салдырмай, теріс пікірлерге сеніп келген. Сондықтан тұрғындарға айтарымыз – жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Біз үшін сіздердің өмірлеріңіз аса маңызды. Ендеше, бұл індетті жеңуге бізге көмектесе отырып, жақындарыңыздың өмірін аман алып қалуға ат салысыңыздар. Ол үшін сақтық шараларын күшейтіп, коронавирусты жеңетін вакцинаны салдыруға шақырамын, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, қалада вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін емханаларда толық жағдай жасалған. Екпе салдырушыларға 43 егу бекеті, одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекет ұйымдастырылған.

Брифинг барысында Бақытжан Позилов БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.

Айта кетейік, бүгінге дейін қалада I компоненттен 360 202, ал ІІ компоненттен 256 760 адамға екпе салынды.