АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ: ТАБИҒИ ГАЗ БЕН ЖОЛ МӘСЕЛЕСІНДЕ СЕРПІН БАР

18

Абай ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылым саласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан аумағында 27 елді мекенде 55 159 жеке үй мен 220 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Халық саны 257,7 мың адамды құрайды. Ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан бар.

Ауыз су және электр энергиясы: 100% қамтамасыз етілген.

Ауданда ауыз су мен электрмен жабдықтау толықтай шешілген, бұл маңызды мәселелердің халық үшін өзекті еместігін көрсетеді.

Абай ауданындағы 25 елді мекен табиғи газға қосылған, бұл 92,6%-ды құрайды. Биылғы жылы Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Қайнарбұлақ саяжайында газдандыру жұмыстары аяқталып, үйлерді абоненттеу жалғасуда. Нәтижесінде газсыз елді мекендердің саны 2-ге дейін қысқарды (7,4%).

Қазіргі уақытта газдандырылмаған екі елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда:

  • Ынтымақ-2 шағын ауданында газ тарту жұмыстары 95%-ға аяқталған. Жобаны аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
  • Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында да құрылыс 95%-ға жетті. Газ беру 2025 жылдың ақпанында басталады.

2025 жылы 53 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін аудан көшелерінің 62,1%-ы қанағаттанарлық жағдайда болады.