ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ БЕТ-ЖАҚ ХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАУДЫ МЕҢГЕРДІ
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бет-жақ хирургиясы бойынша күрделі ота жасауда тәжірибе алмасты.
Оталар ҚР ДСМ-нің бас штаттан тыс балалар жақ-бет хирургі Ся-Тун-Чин Руслан Владимирович және ауруханадағы хирург дәрігерлерінің қатысуымен өтті. Аурухана базасында жоғары хирургтің қатысуымен үш балаға бет-жақ хирургиясы бойынша туа біткен ақауларына ота жасалды.
Дәрігерлердің сөзінше, күрделі операциялар сәтті өткен. Бет-жақ хирургия емі жасалған балалар отадан кейін медициналық ұйымда дәрігерлердің бақылауында болады.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі бет-жақ сүйектері қабынған аурулар мен жарақаттары бар науқастарға көмек көрсетіп келеді. Жылына орталықта мұндай 560 ота жасалады.