АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

20

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

Жеке қабылдауға жазылған Шәуілдір, Талапты ауылдық округтерінің тұрғындары үйіргелік жер алу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгініп,қолдау көрсетуді сұрады.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін тыңдай келе, бағыттар бойынша сала басшыларына азаматтардың ұсыныс-тілектерін ескерусіз қалдырмай, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.