АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

20

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың кезекті рет аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер айтылып, оның шешу жолдары қарастырылды. Мәселен, тұрғындар тарапынан Ынталы ауылындағы Арыс өзеннің арнасын бұру, көше жарығын орнату, балалар алаңшасы, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі мен жер үйлестіріп беруіне ықпал жасауын сұрады.

Аудан басшысы азаматтардың өтініштерін тыңдап, мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын, тиісті ауыл округ әкімі мен тиісті бөлімдерге шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі