ТЕМІРЛАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАХМАТТАН БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Темірлан ауылының орталығындағы Аудандық мәдениет үйінде «Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 36 жыл» толуына орай және «Ордабасы Ұлттық құндылықпен – бірліктің Ордасы» атты тақырыбында шахматтан аудандық біріншілігі өтті. Сайысқа 6-9, 10-12, 13-16 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Ақыл-ой мен жүйріктік сайысқа түсетін додаға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы интелектуалды ойынға 100-ге жуық жасөспірімдер бақ сынасты. Жас шахматшыларды төрешілер алқасы қадағалады. Айта кетейік, атаулы шахмат сайысын «Темірлан спорт клубы» КММ-нің шахмат бөлімінің жаттықтырушылары ұйымдастырған.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы марапатталды.