“ОРДАБАСЫ — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ОРДАСЫ” АТТЫ КІШІ ФУТБОЛДАН БІРІНШІЛІК ӨТТІ

9

Бүгін Бадам елді мекеніндегі «Ерсейіт ата» жабық қаңқалы алаңшасында 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Темірлан спорт клубы» КММ-нің кіші футболдан ашық біріншілігі болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» сектор меңгерушісі А.Жүніс пен «Темірлан спорт клубы» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Жамәділ келіп қатысып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа жалпы 7 құрама команда 100 ден аса футболшылар қатысты.

Жарыс нәтижесімен:

орын «Бадам» ауылы командасы;

орын «Ынталы» ауылы командасы;

орын «Шұбар» ауылы командасы иеленді.

Жеңімпаз атанған командаларға, үздік ойыншы номинация атанғандарға кубок, медаль, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.