ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

7

Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды.
Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар.
Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.
Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ:
— Ауыз сумен 97%-ға;
— Электр жарығымен 99,8%-ға;
— Табиғи газбен 92,4%-ға;
— Кәріз жүйесімен 41%-ға
— Асфальт жолмен 78,5%-ға қамтылған.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.
Аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады.