АЗАТ ОРАЛБАЕВ: ТАПСЫРМАЛАР МЕРЗІМІНДЕ ӘРІ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУ КЕРЕК
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісінде бірқатар мәселелер қаралды.
Апталық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде көктемгі тал егу жоспары мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің биылғы жылға атқаратын жұмыс жоспары, сондай-ақ өнеркәсіп саласында іске асырылатын жобалар талқыланды.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков өткен жылдың көктем-күз мезгілінде ауыл округтердегі егілген ағаш көшеттеріне мониторинг жүргізілгенін, нәтижесінде ағаш егу жұмыстары орта есеппен 60 пайызы ғана орындалған айтып өтті. Биылғы жылға 21 150 дана ағаш көшеттерін отырғызу, аудан орталығына “Темірлан абаттандыру” КММ тарапынан 8 900 дана ағаш көшеттері мен 700 дана гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілетіні жөнінде баяндады. Аудан басшысы «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында өтетін шараға қоршауы жоқ, суғарумен қамтылмаған ауыл округтеріне тиісті тапсырма жүктеп, жұмыс нәтижелері талданып, белгіленген орындарға көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Ордабасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқаратын жұмыс жоспары бойынша бөлім басшысы Нуриддин Асанбаев ауданымызда өткізілетін спорттық іс-шаралар жоспары, мәдени бұқаралық шараларының орындалу барысын баяндады. Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында инвестиция саласындағы жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырған болатын. Ауданда 2024 жылдың индикаторлық көрсеткіштерінің 12 аймен орындалуы, іске асырылған жобалар және 2025 жылға іске асырылатын жаңа жобалар бойынша баян етілді.
Қосымша мәселелерде жан жақты талқынап, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қоғамдық-саяси ахуал аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен тиімді байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысымен аудан басшысы тиянықты жұмыс жүргізу керектігін тапсырды. Тиісті аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, аталған жұмыстардың орындалу барысын өз бақылауына алатынын жеткізді.