ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1400-ДЕН АСТАМ БАЛАБАҚША САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУДАН ӨТКЕН

Түркістан облысында 1 449 балабақша санитарлық бақылаудан өткен. Оның 268-і мемлекеттік, 1 135-і жекеменшік болса, 46-сы мектеп жанынан құрылған шағын орталықтар. Нысандардың санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайы, жиһаздармен жабдықталуы, сыйымдылығы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, тамақтың сапасы мен қауіпсіздігі, нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы назарға алынған. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді.
Спикер былтыр Келес ауданындағы балабақшаның асханасында санитариялық-гигиеналық талаптың бұзылғаны бойынша дерек анықталғанын жеткізді. Сондай-ақ, жалпы балабақша асханасында рұқсат етілмеген бірқатар азық-түлік өнімдері жайында айтты. Атап айтқанда, пастерленбеген сүт, сүзбе, қаймақ өнімдері, кремі бар кондитерлік өнімдер, фаст-фудтар мен гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нандар, йодталмаған тұз, байытылмаған бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға тыйым салынған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі