ШҰБАРСУ АУЫЛ ОКРУГІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Бүгін аудан басшысы Шұбарсу ауыл округінде болып, “Ауыл- Ел бесігі” жобасы аясында атқарылатын ішкі жолдармен қатар тас төсеу жұмыстарын бақылады.
Сонымен қатар Д. Қонаев, Атамекен, Сарыағаш, Құс жолы көшелерін жай күйімен танысып, көше тұрғындармен тілдесті. Одан бөлек ауыз су жүйелерінің жұмысын қарап, өзекті мәселелері мен қатар шешу жолдарын қарастыру бағытында сала орынбасары мен бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.