ШЫМКЕНТТЕ «ДӘСТҮР – ҰЛТ ҰСТЫНЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

25

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды.

Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық бірлікті нығайтып, әр халықтың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:
🔹 Ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән орындау
🔹 «Салт-дәстүрім – таусылмайтын қазынам» атты сахналық қойылым
🔹 «Ою – ұлт өнерінің айнасы» тақырыбындағы қолөнер таныстырылымы
🔹 Салт-дәстүрге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беру

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Бірлік рухы» командасы – Бас жүлде
Татар-башқұрт мәдени бірлестігі – II орын
Славян этнос өкілдері командасы – III орын

Сонымен қатар, корей этнос бірлестігі «Үздік орындаушы» номинациясын иеленсе, өзбек ұлтының командасы «Ұлттық киім» аталымында үздік деп танылды.