ЕКІ ЖАСАР БАЛАҒА ЛАПАРОСКАПИЯЛЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет бауыр кистасына лапараскапиялық әдіспен ота жасалды. Кішкентай пациент ауыр халде қалалық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Алдымен клиникалық лабораториялық зерттеулер жүргізіліп, құрсақ қуысына МРТ жасалды. Киста холедоха диагнозы расталып, күрдеді операцияға дайындық жүргізілді.
Отаны балалар ауруханасының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Бердалы Сулейменов және Алматы қаласы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығы басшысының орынбасары хирург Константин Хаиров бірлесе жасады. Ота сәтті өтті. Науқас отадан кейінгі оңалту кезеңінен өтуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі