ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЭНДОПРОТЕЗДЕУ ОТАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Дені сау ұлттың болашағы зор болмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның байлығы ең алдымен адамдар екенін атап өтті. Осы орайда, Темірлан ауылындағы Аудандық орталық ауруханасында 70 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.
Науқас 25 ақпан күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін жоспарлы түрде 2025 жылдың 1 наурыз күні оң жақ жамбас буынына цементпен биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күнде науқастың жағдайы бірқалыпты.
Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.
Қазіргі таңда травматологиялық көмектің барлық әдісін Ордабасы аудандық орталық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін алуға мүмкіндігі бар.