АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ СӘТТЕРДІҢ БІРІ-ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒУ

27

Бүгінгі күні медицина саласына бар ғұмырын арнап, ыстығы мен суығына төзіп, өз білімі мен еңбегін аямай қызмет еткен жандардың бірі Сағынбеков Болатхан Салыбекұлын зейнеткерлік жасына шығуына байланысты құрмет көрсетілді.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков және бір топ мекеме басшылары мен зиялы қауым өкілдері, үзеңгілес жастағы достары Болатхан Сағымбековке ізгі-тілек лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын көрсетті.
Аудан басшысы Азат Оралбаев өз сөзінде:
“Құрметті Болатхан Салыбекұлы! Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасын шебер басқарып келесіз. Сізді іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет көрсетеміз”-деп тілек білдіріп, иығына шапан жауып құрмет көрсетті.
Жиын барысында жиналған қауым өкілдері Болатхан Салыбекұлының өмірілік, қызметтік кезіндегі қызықты оқиғаларын айтып, естеліктерімен бөлісті.
Болатхан Салыбекұлы 1985 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын Емдеу ісін бітірген. Еңбек жолын Бөген аудандық медицина бірлестігі хирургия бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасының бас дәрігері, Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Оңтүстік туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері болып жұмыс атқарған. Медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қазіргі таңда Ордабасы аудандық орталық аурухана басшысы болып қызмет атқарып келеді.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі