Газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік
Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ адам өміріне аса қауіпті. Ағып кету кезінде олар тұншығуды, улануды және ең жаманы, жарылысқа әкелуі мүмкін. Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы күнделікті тұрмыста газ пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін ұсынады.
Ең алдымен, Сіз бір текше метр газды жағу үшін 10 текше метр ауа қажет екенін білуіңіз керек. Бұл дегеніміз, су жылыту аспабы (газколонка) орналасқан бөлменің ауданы кемінде 1,8х2, биіктігі 2,2 метрден кем болмауы қажет. Су жылытқыштарды (газколонка) тек ас үй мен жылыту бөлмелерінде желдету арналары мен бөлмеге ауа кіретін саңылауы бар терезеде орнатуға болады. Алайда, ванна бөлмесінде мұндай жағдайлар жоқ.
Уланудың негізгі себептері. Ол мұржалардың дұрыс жұмыс істемеуі немесе оларды пайдалану кезіндегі қателіктер мен ванна бөлмелеріне газды су жылытқыштарды рұқсатсыз орнату.
Тұрмыста тауарлық газды пайдаланатын болсаңыз, Сіз міндеттісіз:
• газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң түрде сақтауға;
• газ жабдықтарының, желдеткіш көздері мен мұржалардың қалыпты жұмыс жасауын қадағалауға;
• мұржаны уақытылы тазалауға, қыс мезгілінде қатып, бітеліп қалмауы үшін мұржаның басын ай сайын тексеруге;
• мұржаның тарту күшін әр жылу беру маусымы басталар кезде мамандандырыллған ұйымға тексертуге;
• нысандаы өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;
Газ жабдықтарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
• түтіндік және желдеткіш жүйелерінің қондырғыларын өзгертуге;
• желдеткіш арналарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге;
• түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;
• түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ құралдарын пайдалануға
Газдан уланған адамға алғашқы көмек көрсету:
Газ белгілі бір мөлшерде ауамен араласқан кезде жарылу қаупін туғызатындықтан, тұрмыста үлкен қауіпке ие. Сондай-ақ, газдың шала жануы кезінде улы газ бөлініп шығады. Мұндай газбен тыныс алу адамды қатты улануға немесе өлімге дейін алып келеді. Газдан уланған адамды алдымен таза ауаға шығарады, басын аяғынан төмен салып жатқызады. Жедел жәрдем қызметін тез арада шақырады.
Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!