Полицейлер тұрғындарға медициналық бетперде таратуды жалғастырып жатыр

529

Миллионды қаланың көшелері мен көпшілік орындарда полициейлер медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы Қаулысына сәйкес, қала аумағындағы карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына 1000 дана тегін медициналық маска таратылды. Ондағы мақсат – азаматтардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру, қоғам қауіпсіздігін сақтау. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер де белгіленген заң талаптарын орындауда алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді.

Осы орайда, полиция қызметкерлері жергілікті жұрттан сақтық шараларын қатаң сақтауға, көпшілікке арналған заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырады.