ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ТҰЛҒАЛАР БАҚЫЛАУДА

35

Аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның 2024 жылғы 24 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмаларының орындалуын пысықтау мақсатында, аудандық әкімдіктің ғимаратында аудан әкімінің орынбасары Ильяс Турнияздың жетекшілігімен кезекті отырыс өтті.

Жиналысқа дербес бөлімдер, мекеме басшылары мен консультативтік-кеңесші органның мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі консультативтік-кеңесші органның 2024 жылғы 24 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмаларының орындалуының есебі ретінде жасалған тиісті мамандардың баяндамаларынан, қазіргі уақытта пробация есебінде 116 адам тіркелгені белгілі болды. Олардың 20-сы тұрақты жұмыспен қамтылғаны, 8 адам қоғамдық жұмысқа тартылғаны, 2 адам бала күтімінде екені, 80 адам өзін өзі жұмыспен қамтығаны, 6 адам жеке кәсіпкер екені анықталды.

Есепте тұрған азаматтарға психологиялық қолдау көрсетіліп, жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектер көрсетілетіні баяндалды.

Мәжіліс соңында жиын төрағасы аудан әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына пробация есебінде тұрған тұлғаларға қажетті қолдау көмек көрсетіп, жіті бақылауда ұстауды, хаттамалық тапсырмаларды тыңғылықты орындауды тапсырды.