ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ЖАСТАРҒА ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

15

2019 жылдан бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында жастарға жалға берілетін пәтерлер 5 жыл мерзімге ұсынылса, 2023 жылдан бастап бұл мерзім 3 жылды құрайды.
Шымкент қаласы бойынша аталған бағдарлама шеңберінде 3 849 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 2020 жылы – 904 отбасы, 2021 жылы – 300, 2022 жылы – 857, 2023 жылы – 888 және 2025 жылы – 900 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Қазіргі уақытта осы пәтерлерде шамамен 14 мың адам тұрып жатыр.
Бүгінгі таңда жалға алу мерзімі аяқталған 904 отбасының 891-і тұрғын үй сатып алуға мұқтаж. Осыған байланысты, жастарға тұрғын үйді несиелік жолмен қолжетімді ету мақсатында 2025 жылдың 4 наурызында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Отбасы Банк» АҚ арасында «Қамқор» ынтымақтастық туралы №70 келісім жасалды. Бұл келісім «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының қатысушыларына тұрғын үйді несиелеу арқылы қолжетімді етуге бағытталған.
«Қамқор» өңірлік бағдарламасының шарттарына сәйкес:
— Қарыз сомасы – 20 000 000 теңгеге дейін;
— Бастапқы жарна – 10 пайыз;
— Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 пайыз;
— Қарыз мерзімі – 96 айға дейін.
Аталған бастама жастарға қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың тұрғын үй жағдайын жақсарту арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.