Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті


Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында кіші футболдан «Түркістан қаласы әкімінің кубогі» үшін турнир ұйымдастырылды. Түркістан қаласындағы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кіші футбол жарысы – жай ғана спорттық іс-шара емес. Бұл – патриотизмді, бірлікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыратын нақты қадам. Ол қоғамға салауатты өмір салтын, ұлттық рухты және елге қызмет етудің үлгісін көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық рухты көтеру мен бірлікті нығайтуға бағытталған. Аталған спорттық іс-шара 2025 жылдың 27 маусым күні Нұр-Сауықтыру кешенінде өтті. Жарыстың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев пен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жеңіп алды. Екінші орынға Түркістан қаласы әкімдігі командасы ие болды. Үздік үштікті «Түркістан Жарық Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түйіндеді. Ал төртінші орынды Түркістан қалалық мәслихаты иеленді.
Жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. Үздік қорғаушы аталымы Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Перне Бақдаулетке берілді. Үздік ойыншы болып Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының сектор басшысы Темешов Қайрат танылды. Үздік шабуылшы атағын «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС өкілі Абуов Жасұлан иеленсе, үздік қақпашы ретінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сарсенбаев марапатталды.
Мемлекеттік қызметкерлердің спортқа қатысуы – салауатты өмір салтын насихаттау, ел игілігі үшін қызмет ететін азаматтың жан-жақты болуы – өз елін құрметтеудің бір көрінісі. Бұл жастар мен қоғамға үлгі болады: “Патриот – тек сөзбен емес, іспен де дәлелденеді” дегенді көрсетеді. Патриотизм туралы Президент ҚасымЖомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», деген еді. Жалпы, патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. Адамның бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сияқты патриоттық құндылықтар тал бесіктен бойымызға сіңе бастайды. Патриотизмнің бастау негіздері – сенім, үміт, адалдық. Бала болашағына, еліне сеніп өсуі маңызды. Бүгінгі жастар арасындағы патриотизмнің деңгейін білу үшін олардың қай тілде сөйлеп жүргеніне қарау жеткілікті. Бала 10 тіл білсе де бір ғана ана тілін жетік білудің орнын толтыра алмайды. Патриоттықтың іргетасы тілмен қалыптасады. Тіл арқылы діл, дәстүр, мәдениетке деген сүйіспеншілік оянып, оның негізінде патриоттық сезім оянады. Сонымен қатар жастардың патриоттық сезімі елдің ұлттық идеологиясына тікелей байланысты. Күнделікті өмірде қазақша сөйлемейтін басқа ұлт өкілдері де бар. Біз оларды патриот емес деп айта алмаймыз. Патриотизмді тілдің аясында ғана қалыптастыра алмаймыз. Өйткені жастарды бөлетін емес, бірлікке шақыратын патриотизм қалыптастыруымыз керек. Болашағын Қазақстанмен байланыстыратын әрбір қазақстандық Отанын құрметтейді. Өзге тілде сөйлесе де еліміздің мүддесі үшін қызмет етіп жүргендер бар. Бұның қарапайым ғана мысалы әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық Олимпиадада айқын көрінеді.
Жастардың пікірінше, патриотизм Отанды сүю сезімімен ғана шектелмейді, сондай-ақ білімге құштарлық пен еңбекқорлық сияқты қасиеттерді де қамтитын ауқымды ұғым. Қазақ жастарының әдет-ғұрыпқа, ұлттық мәдениетке, Отанға деген сүйіспеншілігі жаңғырып келеді. Мұның айқын көрінісі – қыздар арасында қазақы тақияның қайта трендке айналуы. Жалпы, қазақ жастарының киім кию үлгілері этностық стильде болып, белгілі бір ұлттық атрибуттарды қолдануы – ұлттық мәдениетке деген құрмет. Патриоттықтың негізі адамның адамгершілік деңгейінде өз мәдениетіне, тарихына, Отанына деген сүйіспеншілігінен басталады. Сондай-ақ патриотизмнің бір компоненті ретінде тілді алатын болсақ, қазіргі жастардың көбі қазақ тілінде сөйлейді. Патриотизмді қалыптастыру – бұл адамның күш-жігерінен, отбасы, оқу орнынан бастап, саяси билік органдарына дейінгі әртүрлі әлеуметтік институт-
тардың қажырлы жұмысын талап ететін күрделі процесс. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Сондықтан патриоттық сезімді қалыптастыру үшін, ең алдымен, ана тіліміздің қолдану аясымен қатар мектеп кезінен балаларды ішкі туризммен де таныстыру керек. Егер оқушылар сабақ барысында оқыған тарихи жерлерін көздерімен көрсе, басқа да өзі сияқты оқушылармен танысса, өзара пікір алмасу арқылы еліміз туралы көбірек білер еді. Бұл білімге баулиды әрі елге деген сүйіспеншілікті оятады. Одан қала берді туризм де дамиды.
тардың қажырлы жұмысын талап ететін күрделі процесс. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Сондықтан патриоттық сезімді қалыптастыру үшін, ең алдымен, ана тіліміздің қолдану аясымен қатар мектеп кезінен балаларды ішкі туризммен де таныстыру керек. Егер оқушылар сабақ барысында оқыған тарихи жерлерін көздерімен көрсе, басқа да өзі сияқты оқушылармен танысса, өзара пікір алмасу арқылы еліміз туралы көбірек білер еді. Бұл білімге баулиды әрі елге деген сүйіспеншілікті оятады. Одан қала берді туризм де дамиды.
Университет қабырғасында бірге оқыған қазақ жастарына қарап, Қазақстанда Отан, Отанды сүю түсініктері жақсы қалыптасқан деп айта аламын. Өйткені қазақ жастарының ұлт дәстүрі мен мәдениетін танытуға деген құлшынысы мен салт-дәстүрлеріне құрметі әрдайым бізді таңғалдыратын. Сонымен қатар олар өздерінің қазақ екендігімен шовинизм мен нәсілшілдікке жол бермей әдемі мақтана алады. Көріп отырғанымыздай, қазақ жастары, ең бастысы, Отанды сүю білім, ғылыммен сусындап, қажырлы еңбек арқылы іспен дәлелдеу керектігін түсінеді. Ел мүддесі үшін еңбек кешеден, ертеңнен емес, бүгіннен басталатынын саналарына сіңірген. Жастар өз буындарының Отанын сүйетін, оның дамуы үшін теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесін қосатынына кәміл сенеді. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға сеніп қана қоймай, үміт те артады: «Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз». Қазақ жастары бойындағы отансүйгіштік қасиетпен сенімге селкеу түсірмей, үмітті ақтар деген ойдамыз.