Бірлік пен тұрақтылықты сақтау-ел дамуының кепілі

18

Түркістан қаласында бірлік пен тұрақтылық, әділдік пен ынтымақ, сенім мен жауаптылыққа негізделген құндылықтарды насихаттап мамандар жетерлік. Солардың бірі Түркістан облысы дін істері басқармасы  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ  теолог маманы Гүлдариға Бекжан. Оның сөзінше еліміздің көпұлтты, көпконфессиялы қоғамы үшін татулық – тек рухани құндылық қана емес, ол – тұрақтылық пен даму кепілі дейді. Егеменді ел Қазақстанның дұрыс дамуы оның ішкі тұрақтылығы мен халық арасындағы бірлігіне тығыз байланысты болады. Көпэтносты мемлекетімізде  көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп жатыр. Еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың дамуына басты негіз болып табылады. Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпэтносты қоғамды біріктіретін саясатты қолдайды. Осы саясаттың аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар біраз жұмыстар атқаруда. Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Қазақстан көпэтносты мемлекет болғандықтан,  бірлік пен этносаралық қатынасты сақтау қажет.

Бірлік пен   ынтымақ – қоғамның бірлігін сақтап, әртүрлі топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын құндылық. Қазақ халқы табиғатынан ауызбірлігі мықты, ынтымақшыл халық. Еліміздің  көпэтносты және көпмәдениетті қоғамында ынтымақ пен өзара түсіністік ұлттар арасындағы татулық пен тұрақтылықты арттырады. Ынтымақ-бірлік болмаған қоғамда алауыздық пен келіспеушіліктер пайда болмақ. Осыған сәйкес  мемлекет әрқашанда  бірлік пен келісімді сақтауды көздейді. Ал тұрақтылық дегеніміз елдің саяси- экономикалық жүйесінің тұрақтылығы. Қоғамдық тәртіптің сақталып, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы  сияқты мағынаны  білдіреді.  Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және  инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды. Елімізде   тұрып жатқан барлық  жан елдің тұрақтылығын сақтауға міндетті.

– Қазақ халқы қашаннан татулық пен бірлікті ту еткен ел. Сан ғасырлық тарихымызда бірлігін сақтаған жұрт – жойылмаған, керісінше, өсіп-өркендеген. Татулық – адамдар арасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен келісім. Бұл ұғым отбасынан басталып, қоғамға, мемлекетке дейін жалғасады. Егер отбасы мүшелері арасында татулық болмаса, ол шаңырақ шайқалады. Сол сияқты, бір ел ішінде алауыздық орын алса, халықтың ынтымағы бұзылып, елдің іргесі сөгілері анық. Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ортақ Отаны. Түрлі тілде сөйлейтін, әртүрлі дінді ұстанатын азаматтардың бейбіт, қатар өмір сүруі – татулықтың нақты көрінісі. Бұл – кездейсоқ жетістік емес, бұл – саналы саясаттың, сабырлы халықтың жемісі. Бірлікке бастар жол – татулық. Ел ішінде тұрақтылық сақталса ғана білім, ғылым, экономика және мәдениет дами алады. Бұл – өркениетті қоғамның басты шарты. Бүгінгі жастар – ертеңгі ел болашағы. Сол себепті жас буынның бойына татулықтың қадірін сіңіру – аса маңызды міндет. Бұл ретте білім беру орындары, БАҚ, дін өкілдері, қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқара алады.

Қазақ халқының тарихында татулық пен бірлік – елдігіміздің,  мемлекеттігіміздің іргетасы саналған. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген халық нақылдары ел ішіндегі татулық пен ауызбіршіліктің аса жоғары бағаланғанын көрсетеді. Бұл тек әлеуметтік қатынастарға ғана емес, рухани өмірге, дінге де тікелей байланысты. Әлемдік діндердің барлығы татулық пен бірлікке үндейді. Ислам діні, әсіресе, адамдар арасындағы келісімді, өзара сыйластықты, әділдікті басты құндылық етіп ұстанады. Қазақстан – көпұлтты ғана емес, көпконфессиялы мемлекет. Елімізде ислам, христиандықтың бірнеше тармағы, иудаизм, буддизм және өзге де діни сенімдер қатар өмір сүріп келеді. Осындай алуан түрлі діни сенімдер мен мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруі – еліміздің татулық пен түсіністікке негізделген саясатының жарқын жемісі. Алайда соңғы жылдары елімізде кейбір деструктивті діни ағымдардың таралуы байқалды. Бұл ағымдар дінді саясиландырып, қоғамда алауыздық туғызуға тырысады. Олар жастардың діни сауаты болмағандықтан оңай арбауға түсіреді, отбасынан, қоғамнан бөліп, өз идеологиясына бағындырады. Мұндай радикалды ағымдар ең алдымен ұлттың рухани тұтастығына, ел ішіндегі татулыққа қауіп төндіреді.

Қазақстанда қабылданған мемлекеттік діни саясат бұл қауіптермен күресуге бағытталған. Дін істері комитеті, жергілікті басқару органдары, теологтар, имамдар мен дінтанушылар бірігіп, деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Татулық – бұл тек тыныш өмір сүру ғана емес, бұл – ортақ мүддені бөлісе білу, бірін-бірі түсіну, өзгеге құрметпен қарау. Бұл – дінге деген көзқараста да, ұлттық ерекшелікте де, өмір салтында да көрініс табуы тиіс. Бірлігі мен татулығы жарасқан елде бөлінушілікке, радикалды идеологияларға, қоғамды іштен ірітуге бағытталған әрекеттерге жол берілмейді. Бүгінгі күні жастар жат ағымдардың басты нысанасына айналып отыр. Сондықтан жастардың діни сауаттылығын арттыру, дін мен дәстүрдің арақатынасын түсіндіру, ұлттық рухани кодқа сай тәрбиелеу – ең өзекті міндеттердің бірі. Дінде ғана емес, кез келген саланың көкжиегіне көтеріліп, ғылым тереңіне бойлау үшін ең алдымен білім керек. Ол үшін көлденең көк аттыға еріп, соқыр сенімге алданудан сақ болғанымыз абзал. Хәкім Абай атамыз айтқандай: «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, белгісі надан адамның», – деп надандықтың жетегіне еріп кету жалпы қоғамға, қоғамдағы ұлт бірлігіне сызат түсіріп, аяғы түрлі бүліктерге алып келуі мүмкін.
«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Білімсіздіктің аяғы соқыр сенімге алып келеді. Мұндай жандар түптеп келгенде діннің жанашырлары емес, жауларына айналмақ.

Білім беру мекемелерінде, мешіттерде, қоғамдық ұйымдарда жастар арасында түсіндіру, ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Бұл бағытта ата-ананың, мұғалімнің, имамның, теологтың орны бөлек. Татулық – ұлтты ұйыстыратын ұлы күш. Бірлігі бекем елдің іргесі берік болады. Біз үшін басты мақсат – тұрақтылықты сақтау, дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, рухани қауіптерге қарсы тұру. Ел ішіне іріткі салатын кез келген жат ағымға қарсы тұрудың ең тиімді жолы – халықтың бірлігі мен татулығы.Осы орайда, әр азамат өз орнында елге адал қызмет етіп, айналасындағыларға құрметпен қарап, қоғамда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына атсалысуы қажет. Татулықты сақтау – сөзбен емес, іспен дәлелденетін қасиет.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Онда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүруде. Елдің бірлігі мен тұрақтылығы қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың басты негізі болып табылады. Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін мемлекет көпұлтты қоғамды біріктіретін саясатты қолдайды. Осы саясаттың аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық ұйымдар көп шаралар атқаруда. Бұл бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Тұрақтылық дегеніміз – елдің саяси және экономикалық жүйесінің тұрақтылығы, қоғамдық тәртіптің сақталуы, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы. Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасайды, инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Елдің тұрақтылығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті.