Бірлік — достық пен тұрақтылық кепілі

Түркістан қаласының тұрғындарының назарына бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы екендігі жөнінде төменде көрсетілген тағылымды мәліметтерді ұсынамыз. Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. Қазақстан халқы Ассамблеясы міне, осы идеологияны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та былтыр аталған ұйымның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында барша халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, ел саясатының бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтты. Осы ретте Түркістан облысы Ассамблея жастарының бірі Нусратуллаева Интизораның ұлттық татулық, бірлік жайында пікірін назарларыңызға ұсынамыз.
«Қоғамдық келісім – мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарты. Ел бірлігі мен ынтымағы болмаса, кез келген реформаның, бағдарламаның, тіпті мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болмақ. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан этносаралық келісім мен ұлтаралық татулықты мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдырды. Бұл жолда елімізде арнайы құқықтық және институционалдық база құрылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институт жұмысын бастады. 1995 жылы құрылған бұл құрылым бүгінде елдегі 130-дан астам этнос өкілінің достығы мен ынтымағын нығайтуда орасан зор рөл атқарып келеді. Қоғамдық келісім – бұл жай ғана ұлттар мен ұлыстар арасындағы бейбіт өмір сүру емес, бұл – ортақ мақсат, бірлік, ортақ құндылықтар жүйесі. Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілі өзін осы мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде сезінуі тиіс. Бұл үшін мемлекет тарапынан тең құқық, мәдени дамуға жағдай, тіл мен дәстүрді сақтауға қолдау көрсетілуде. Этномәдени бірлестіктердің жұмысы, «Достық үйлері», мәдени және діни алаңдар осы бағытта қызмет етуде. Бұл қызмет ел игілігіне жұмыс жасап жатыр деп сеніммен айтуға болады», дейді ол.
Нусратуллаева Интизораның сөзінщше бүгінгі таңда Қазақстанның түрлі өңірлерінде, оның ішінде Түркістан облысында да қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға арналған түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Облыстағы 20-дан астам этномәдени бірлестік пен олардың жанындағы жастар ұйымдары, аналар кеңестері қоғамдық іс-шаралардың ұйытқысы болып отыр. Мәселен, «Ақылды ана – саналы бала», «Бірлік пен татулық – ел тұтастығының кепілі», «Достық керуені» сынды шаралар этносаралық татулықты насихаттап, жастарды толеранттылыққа тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, қоғамдық келісімнің тағы бір маңызды тетігі – медиация институтының дамуы. Бұл институт әлеуметтік келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді. Қоғамда төзімділік пен түсіністікті қалыптастыру үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында «Достық клубтары», «Толеранттылық сабақтары» жұмыс істеуде. Бұлар жас ұрпақтың бойында бірлік пен ынтымаққа құрметпен қарау сезімін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек. Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады.
Қоғамдық келісім – тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі. Бұл ортақ мүддеге негізделген, барша қазақстандықтарды біріктіретін ұлы күш. Біздің басты құндылығымыз – бейбіт өмір, татулық пен тұрақтылық. Оны сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз. 30 жыл ішінде Ассамблея өзінің бастапқы миссиясының шеңберінен шықты. Бүгінде ол еріктілікпен, қайырымдылықпен, әлеуметтік қолдаумен айналысады. Өткен жылы су тасқыны болған кезде ҚХА бірінші болып көмекке келді. Жақында Достық үйінде ақсақалдар мен жастардың диалогы өтті. Бұл Ассамблея ұлтаралық өзара іс-қимыл үшін тұғырнамаға айналғанын көрсетедіҚоғамдық келісім – мемлекеттіліктің негізі, халықтың әл-ауқаты мен рухани дамуының кепілі. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Тарих сабақтары көрсеткендей, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірліксіз тұрақты даму мүмкін емес. Сондықтан да «Қоғамдық келісім – бәрінен қымбат» деген сөз тек ұран емес, бұл – болашағымызды айқындайтын өмірлік ұстаным.
Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Қазақстан көпэтносты мемлекет болғандықтан, бірлік пен этносаралық қатынасты сақтау қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясы мен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында көптеген тұжырымдар мен тапсырмалар берді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. Бірлік пен тұрақтылық елдің дамуына әсер етіп, болашаққа сеніммен қарауға зор мүмкіндік береді. Бірлік – ынтымағы мен берекесін тең ұстаған Қазақ елі үшін ең қастерлі ұғым. Ғасырдан- ғасырға мирас болып келе жатқан дана халқымыздың асыл қасиеті. Бабаларымыз ынтымақ пен татулықты, ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты әрдайым биікке көтеріп отырған. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ» деген мақал да босқа деп айтылмаған. Негізі татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ешқандай шаруа жүрмейді. Ауызбірлігі жарасқан ел ешбір қиындыққа ұшырамайды. Барша халықтың тілегі де, арманы да іштегі бейбітшілігін сақтау, тату-тәтті өмір сүріп, соғыс, жанжал отын шығармай, тату-тәтті ынтымақ-бірлікте өмір сүру – қазіргі кезеңнің ең маңызды мәселесі. Бірлік пен ынтымақ – қоғамның бірлігін сақтап, әртүрлі топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын құндылық. Қазақ халқы табиғатынан ауызбірлігі мықты, ынтымақшыл халық. Еліміздің көпэтносты және көпмәдениетті қоғамында ынтымақ пен өзара түсіністік ұлттар арасындағы татулық пен тұрақтылықты арттырады. Ынтымақ-бірлік болмаған қоғамда алауыздық пен келіспеушіліктер пайда болмақ. Осыған сәйкес мемлекет әрқашанда бірлік пен келісімді сақтауды көздейді.
Ал тұрақтылық дегеніміз елдің саяси- экономикалық жүйесінің тұрақтылығы. Қоғамдық тәртіптің сақталып, заңның үстемдігі және азаматтардың құқықтарының қорғалуы сияқты мағынаны білдіреді. Қазақстандағы тұрақтылық елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды. Елімізде тұрып жатқан барлық жан елдің тұрақтылығын сақтауға міндетті.