АУДАНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қоршаған ортаны қорғау, эколо-гиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Осы мақсатта Отырар ауданында «Заң мен тәртіп апта-лығы» шеңберінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 28 маусым — «Табиғатқа қамқорлық жасау» күні аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шара барлық ауыл округтерін қамтып, жергілікті тұрғындар мен жастар, еңбек ұжым-дары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер аймақтағы тарихи ескерткіштер мен көшелерде, демалыс аймақтарына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілікке жалпы 300-ге жуық адам қатысып, арнайы техниканың көмегімен тұрмыстық қал-дықтар мен өзге де ластаушы элементтерден толықтай тазартылды.

Шараға атсалысқан ауыл округтерінің әкімдері жиналған тұрғындарға табиғатты сақтау – ұлт болашағына деген қамқорлық екенін атап өтіп, барлық қатысушыларды осындай игі бастамала-рға белсене араласуға шақырды.

Экологиялық тазалық жұмыстары барысында ауыл тұрғындары ынтымақпен еңбек етіп, өзен бойын күл-қоқыстан тазартып, санитарлық тәртіпті күшейту бағытында белсенділік танытты.