Түркістан мектептеріндегі патриоттық тәрбие – ел болашағына салынған рухани негіз

Қазіргі заманғы Қазақстан азаматы – Отанын сүйетін, мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін, ұлттық болмысын бағалай білетін тұлға болуы тиіс. Осыған орай, еліміздің барлық аймағында, әсіресе тарихи-рухани маңызы зор Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Патриоттық тәрбие – бұл жас ұрпақтың бойына туған жерге, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру ғана емес, ел тарихын білуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулитын маңызды бағыт. Түркістан мектептерінде бұл тәрбие білім мазмұнына, күнделікті тәрбие сағаттары мен іс-шаралар жүйесіне терең сіңірілген.
Әсіресе, бастауыш және орта буын оқушыларымен өткізілетін “Менің Отаным – Қазақстан”, “Туған жерге тағзым”, “Батыр бабалар жолымен”, “Тәуелсіздік шежіресі” секілді сынып сағаттары жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Түркістан қаласындағы әрбір мектеп патриоттық бағыттағы өз жобаларын іске асырып, оқушыларды елін сүйетін, жауапкершілігі жоғары тұлға етіп тәрбиелеуге басымдық беріп отыр. Мектеп қабырғасындағы Әнұран орындау, Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты, Елтаңбамен жұмыс жасау – бұл қалыптасқан дәстүрлер оқушылардың бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар, оқушылар тарихи тұлғалар туралы деректермен танысып, Түркістанның қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы орнына ерекше мән береді.
Қалалық білім бөлімінің қолдауымен жыл сайын “Патриоттық форум”, “Ұлт рухы – ұрпақ бойында”, “Жас ұлан – ел тірегі” атты жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл іс-шаралар мектеп оқушыларына тек білім ғана емес, елге деген сүйіспеншілік, ұлт алдындағы жауапкершілік пен азаматтық борыш ұғымдарын нақты түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Түркістан мектептерінде ашылған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары арқылы оқушылар әскери тәртіпке үйреніп, қорғаныс саласына деген қызығушылық танытып жүр. Бұл бастама арқылы олар Отан қорғаушысының абыройын сезініп, әскери-патриоттық рухты бойларына сіңіруде.
Оқушылардың тарихи нысандарға, музейлерге, Әзірет Сұлтан кесенесіне саяхат жасауы – туған өлкенің рухани тамырына деген құрметін арттырады. «Ұлы дала мұрасы» тақырыбындағы экскурсиялар жас ұрпаққа Түркістанның ел тарихындағы ерекше орнын көрсетіп, отансүйгіштік сезімді нығайтады. Түркістан қаласының мектептеріндегі патриоттық тәрбие – ұлт болашағы үшін маңызды рухани инвестиция. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс – мемлекетшіл, елінің дамуына үлес қосуға дайын ұрпақ тәрбиелеудің нақты кепілі. Түркістанның киелі рухы мен білім ошақтарындағы тәрбие жұмысы сабақтаса отырып, жастарды елжанды, намысты, парасатты азамат ретінде қалыптастыруға берік негіз қалап отыр.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Дүние жүзіндегі қандай мемлекет болмасын, алғашқы маңызды ресми қадамдарының бірі – ол ел рәміздері екені белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін егеменді мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Ал 1992 жылдың 4 маусым күні елдігіміздің алғашқы белгілері – мемлекеттік рәміздері қабылданды.Еліміздің елдігін сақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек қылмыспен күресіп қана қоймай, сонымен қатар еліміздің рәміздерін құрметтеп, ұлттық салт-сананы енгізіп, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосуда. Сөз жоқ, елдіктің белгісіне деген құрмет баршаның жүрегінен орын алуы тиіс.