“ҚАРИЯСЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ӘКІМ…”

163

Бүгінгі Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдерінің Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанғаны туралы ақ жолтай жаңалық көңіл қуантты.

Ардагерлерге ақ жол тілеген Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауды ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Бүгінгі мәнді сапар өз нәтижесін беріп, ырысты ынтымаққа бастайтын қадамдарымыз жалғасатынына сенемін.

Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, — деді.

Қариясын құрметтеген әкім Ұлытау жұртына көне Түркістаннан дұғай сәлем жолдады.