ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР МАУСЫМЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

258

Еліміздің рухани астанасы – Түркістан шаһарында туристік маусым әлі де жалғасуда. Оған дәлел – демалыс күндеріне жоспарланған бірқатар концерттік бағдарламалар. Бүгіннен бастап «Керуен сарайда» және амфитеатрда танымал әншілердің концерттері жоспарланған.

Атап айтсақ, 28 қазанда – Argonya, 29 қазанда – Назима, 5 қарашада – M’dee өнер көрсетеді. Сондай-ақ 30 қазанда «Turkistan Marathon 2022» марафоны аясында «Керуен сарайда» бірқатар спорттық және мәдени іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ қараша айының 4-і мен 12-сі аралығында сағат 19.00-де Түркістан амфитеатрында қазақ эстрадасының өкілдері әр аптаның демалыс күндерінде концерттер өткізеді. Атап айтқанда, 4 қарашада – Qanay мен Ali Otenov, 11 қарашада – Ayree мен Qazybek Quraiysh, 12 қараша күні – Yenlik, Rauana мен Dosekesh сынды әншілер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Айта кетсек, аталған коцерттерге кіру тегін. Бұл іс-шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр