МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

16

Ағымдағы жылдың 22-шілдесі күні, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі өкілі С.Алиманов мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті жиын өткізді.
Аталмыш жиын барысында:
Еңбек заңнамалары және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілімен мереке күндері жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде айтылып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бабында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 6-тармағында көрсетілген міндеттер мен талаптарын қатаң сақтауға міндетті екендері ескертілді.
Жиынды қорытындылай келе, Әдеп жөніндегі өкілі С.Алиманов мұндай жиындардың, құқықтық оқытулардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, қызметшілерді әдеп нормаларын сақтай отырып, Заң аясында уақытылы, сапалы жұмыс атқаруға шақырды.