ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕГЕ ЖАРЫҚ, КӨҢІЛГЕ СӘУЛЕ ТҮСТІ

59

Шымкент ортақ, көше ортақ, көңіл ортақ. Ортақ қаланың қауіпсіздігі қоғам үшін қашанда маңызды. Көшеге жарық беру жәй ғана коммуналдық қызмет сапасын жақсарту емес, қауіпсіздікті нығайту. Тәртіп пен тыныштықты орнатуға оңтайлы қадам. Әсіресе, әлеуметтік нысандар орналасқан мектеп, балабақша, емханаға барар жолдарда электр жарығының жарқырай қосылуы қоғамдық тыныштықты қамиамасыз етуге елеулі сеп болары ақиқат. Соңғы жылдары Шымкенттің сыртында жарқырап шам жанып тұрғандай әсер қалдырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы 2743 көшені жарықтандыру жоспарланған, қазіргі уақытта соның 1550 көшесіне жарық шамдары орнатылды-дейді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Мақпал Рысбаева. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен

2024 жылы 1238 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізілген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тек электр жарығын орнату ғана жүзеге асырылып жатқан жоқ. Көшедегі тәртіп пен тыныштықты орнату, қылмыстың алдын алу, бұзақылықтың жолын кесу, адамдар арасында қауіпсіз қоғам орнату үшін қала көшелеріне бейнебақылау камераларын орнату мықтап қолға алына бастағаны байқалады.

Шымкенттғ соңғы жылда 3177 камера орнатылды.  Бұл да болса заң мен тәртіп қағидатының жүйелі жемісі.

Шымкентте көшеге жарық, көңілге сәуле түсірген тағы бір жақсы жаңалық бар. Ол, есірткісіз қоғам орнатуға бағытталған  жұмыстардың нәтиже бере бастауы. Әсіресе, ел ертеңі жастарүа тәрбие беруді күшейтуге көңіл бөлінуде.

Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы полиция департаменті “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында есірткі қылмыстарының жолын кесу және оның заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Департамент қызметкерлерінің нәтижелі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында есірткіге қатысты 286 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і қылмыс, 185-і қылмыстық теріс қылық ретінде тіркелген. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 61 — есірткі сату дерегі, 9 — аса ірі көлемде сақтау, 6 — заңсыз жарнама, 22 есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісі болды. Заңсыз айналымнан барлығы 100 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 60 келіден астамы – марихуана, 16 келіден астамы – синтетикалық есірткі. Синтетикалық есірткімен күресті күшейту мақсатында интернет кеңістігіне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде есірткі саудасына қатысы бар 1001 интернет-сайт пен әлеуметтік желі парақшалары бұғаттауға жолданды. Сонымен қатар қылмыстық әрекеттерде қолданылған 1380 банк шоты анықталып, бұғатталды. Жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Синтетикалық есірткіні интернет арқылы таратудың 33 дерегі тіркеліп, оның 17-сі бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Аталған істер бойынша 38 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. 1 маусым мен 30 қазан аралығында Шымкент қаласында «Қарасора – 2025» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Операцияның алғашқы айында 29 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 17 келісі – сора өсімдігі, 8 келіге жуығы – синтетикалық есірткі, 5 келіден астамы – марихуана. Қала аумағында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орындарда 106 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараларға 23 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды.

 

ШЫМКЕНТТЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шымкентте нашақорлықтың алдын алуға бағытталған концерт өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. “Shymkent City Park” саябағында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай “Таза өмір – сенің таңдауың” атты жастарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара “Есірткісіз Қазақстан” акциясы аясында, сондай-ақ қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган өкілдері, қала жастары, еріктілер және өнер адамдары қатысты. Сахнада тақырыпқа сай баннерлер мен арнайы ақпараттық көрмелер қойылды. Келушілерге есірткіге қарсы бағыттағы жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында азаматтарға есірткіден және нашақорлықтан сақтану жолдары, оның салдары мен белгіленген жауапкершілік туралы түсіндірілді. Салтанатты жиында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, есірткіге қарсы күреске, нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге белсенді атсалысқан бірқатар азаматтар арнайы марапаттарға ие болды. — Есірткіге қарсы күрес полицейлер үшін тек кәсіби міндет қана емес, бұл – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған күнделікті жұмыс. Нашақорлықтың алдын алуда және есірткіге қарсы күресте әрқайсымыздың үлесіміз маңызды. Есірткіге қарсы айлық аясындағы жұмыста азаматтардың да белсенділік танытқаны қуантады. Біздің ортақ әрекетіміз нәтиже беретініне сенімдімін. Баршаңызға алғыс білдіремін, – деді Атап өтейік, бүгінгі іс-шара қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды дұрыс таңдау жасауға үндеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. . Іс-шара “Есірткісіз Қазақстан” акциясы аясында, сондай-ақ қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

 

Заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыру Шымкент қаласында шынайы көрініс табуда. Оған Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың командасы мүдделі. Жергілікті халықтың тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігі үшін қаржылық қолдау көрсетуден қала әкімдігі аянып қалмай, қажетті қаржы бөлуде.   Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында  Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың жүзге жуық өрт сөндіру көліктерін табыс еткеніне көзіміз куә. Шымкентте көшеге жарық, көңілге сәуле түсті. Бұл да болса, Шымкент қаласы әкімдігінің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қамқорлығының шынайы көрінісі ретінде қабылдап, атқа мінер азаматтардың игі ісіне алғыс айтсақ жарасады.

 

Ерсұлтан Әмірбек

Журналист