ТӨЛЕБИДЕ ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН АТСАЛЫСТЫ

41
Төлеби ауданында Түркістан облысы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаевтың жетекшілігімен мемлекеттік қызметкерлер, мекеме өкілдері мен еріктілер табиғатты тазалауға жұмылдырылды.
Сенбілік — Қасқасу мен Сайрамсу өзендерінің бойында, Біркөлік, Ақмешіт, Тұрбаза демалыс аймақтарында ұйымдастырылды. Демалушыларға экологиялық мәдениетті сақтау, қоқысты тастамау және табиғатты аялау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп 400 қап тегін таратылды.
Тазалық шарасына 1900 адам қатысып, 15 техника көмегімен 37 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы, жыл басынан тазалық шараларына 59 867 адам қатысты. Сенбілікке 178 техника жұмылдырылып, 501 шақырым облыстық, 757 шақырым аудандық жолдар, 152 шақырым ирригациялық арықтар, 98 шақырым өзен-каналдар тазаланған. Жалпы 995 тонна қоқыс арнайы полигондарға шығарылған.