“ҚОҚЫС БІЗДІКІ ЕМЕС, БІРАҚ ҚАЛА — БІЗДІКІ” АТТЫ СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

442
Бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданында «BIRGEMIZ: TAZAALEM» жалпыұлттық жобасы аясында «ECO SANA» сенбілігі өтті.
Тазалық акциясына волонтерлік ұйымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 25 команда және Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері қатысты.
Басты мақсат – жастарды еңбекке баулып, қоқыс тастамаудың маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, табиғатқа деген мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Еркін форматта өтетін тазалық шарасы 2 айға жалғасады. Сенбілік соңында көшбасшы жастар арнайы номинацияларымен марапатталып, жүлделі орындарға, бағалы сыйлықтарға ие болады.
Сенбілікте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.