ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ!

144

Құттықтаймыз! Қуанышты жаңалық!

Біз сіздердің әлі талай биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз. Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!

9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық V «Абайтану» олимпиадасының үшінші қорытынды кезеңі 2023 жылғы 26-28 маусым аралығында Алматы қаласында Абай атындағы РММИ базасында өтті.

Олимпиада екі айналым бойынша өтеді.

1-айналым. Абайдың қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.

2-айналым. Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы тапсырмалар.

Олимпиадаға Шымкент қаласы атынан 6 оқушы және желілік «Абай мектебінен» 3 оқушы қатысты. Атап айта кетсек, Әбдіашим Амина Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, Айтбек Аружан Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, Қадырбек Таңсұлу №83 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, Өсерханова Ақбота №80 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, Тұрсынбай Нұрай Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы, Жеткерген Даниал «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы, №90 ДБАМ мектеп-гимназиясынан Жимбай Нұрмұхамед 9-сынып, Ильясова Лаура 10-сынып, Тайжанова Аруназ 11-сынып оқушылары білім бәсекесіне түсіп, нәтижесінде 4 жүлделі орынды иеленді.

І орын — Тұрсынбай Нұрай Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы,

ІІ орын — Қадырбек Таңсұлу №83 жалпы орта білім беретін мектебі,

ІІ орын — Жеткерген Даниал «№1 TALANT» мектебі 11-сынып,

ІІІ орын — Өсерханова Ақбота №80 IT мектеп-лицейі оқушылары жүлделі орындарымен марапатталып, қаржылай силықтарға ие болды.

Жеңімпаздарды жүлделі орындардымен құттықтаймыз!

Біз сіздердің әлі талай биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз. Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!