ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН БАҚ СЫНАДЫ

348

25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен облыс орталығында волейболдан жастар арасында турнир ұйымдастырылды.

Аталған сайыс Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйытқы болуымен өтті.

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында өткен  жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

«Бүгінде облысымызда жастарды спортқа баулу, оларға мүмкіндік беру жолында біршама жұмыстар атқарылуда. Өңірімізде өткен спорттық сайысқа волейболдан өздерінің шеберліктерін көрсету үшін әр ауданнан жастар құрамалары келіп қатысты. Бұл шара елімізде ауқымды түрде аталып өтетін Республика күніне орай ұйымдастырылды», — дейді Келес аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Ташкенбай.

Айта кетейік, турнир қорытындысында Созақ ауданының жастары бас жүлдеге ие болды. Ал, Жетісай жастары 2-орынды иемденсе, 3-орынды Мақтаарал ауданынан келген жастар құрамасы жеңіп алды. Жүлделі орын алған жастарға қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі