БАЛАЛАРДЫҢ АЛАҢСЫЗ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

15

Аудан бойынша жалпы білім беретін

77 мектеп бар. Оның 67-і мемлекеттік,

10-ы жекеменшік. Оқушы саны – 37627.

Барлық мектеп ішкі əжетханамен қам-

тылған, мектеп ауласы қоршалған. 25

мемлекеттік мектепте турникеттер

орнатылған, 77 мектеп бейне бақылау

жүйесімен қамтылып, облыстық жедел

басқару орталығына қосылған. Жалпы

бейнебақылау — 2043 нүкте.

2024-2025 оқу жылында ауданда

балалардың мектепке баруына қамқор-

лық көрсету мақсатында «Мектепке

жол» акциясы аясында білім бөлімі

қорынан 3250 балаға 43 407 теңгеден,

141 072 750 теңге балалардың ата-

анасының шоттарына аударылды.

Оның ішінде қорғаншылық пен қамқор-

шылықтағы мектеп жасындағы 96 бала,

атаулы көмек алатын 1152 бала, мек-

тептердегі жартылай жетім, көп бала-

лы, үйі жоқ, мұқтаждығына қарай 2002

бала қамтылды.

Аудан бойынша 66 мектепте 14 971

бала ыстық тамақпен қамтылған. 1-4 сы-

ныпта 11419 бала, 5-11 сыныптағы осал

топтағы, мұқтаж оқушылардан 3552

бала тегін бір мезгіл ыстық тамақ ішеді.

Аудан бойынша түрлі себептермен

жетім жəне ата-анасының қамқор-

лығынсыз қалған 103 бала бар.

Аталған 103 баланы күтіп-бағу үшін

ай сайын облыстық бюджет есебінен

бір оқушыға 36920 теңгеден төленуде.

Ата-ана қарауынсыз жəне тиісті

құжаттары жоқ, туу туралы құжатынсыз

жүрген 5 отбасының 7 баласы құжат-

тандырылып, мəселелері шешілді.

2024 жылдың маусым айында 1-4

сынып оқушылары үшін, 64 жалпы

орта мектепте лагерь ашылып, онда

13188 оқушы демалды.

Асханасы талапқа сай 30 мектепте

ата – аналар мен демеушілердің есе-

бінен 5000 балаға бір мезгіл тамақ

ұйымдастырылды.

Əлеуметтік аз қамтамасыз етілген,

атаулы арнайы көмек алатын 2000 оқу-

шы облыстық білім басқармасы тара-

пынан Кентау қаласына қарасты Қар-

нақ ауылында орналасқан «Urker» жаз-

ғы сауықтыру лагерінде демалуда. Он-

да əр балаға 51165 теңгеден қаржы бө-

лінген.

«Қазақстан Халқына» атты қордың

демеушілігімен 31 мектептен 250 үздік,

дарынды оқушылар жаз мезгілінде Тө-

леби ауданында орналасқан «Эдель-

вейс», «Таңшолпан» жазғы сауықтыру

лагерлерінде жəне Түлкібас ауданында

орналасқан «Машат Арасан», «Қуа-

ныш», жазғы сауықтыру лагерлерінде

демалуда.

Аудандық білім бөліміне қарасты

барлық білім беру мекемелерінде

«Адал азамат» біртұтас тəрбие бағ-

дарламасы аясында Халықаралық

балаларды қорғау күніне орай, өткізі-

летін іс-шаралар жоспарына сəйкес, қо-

ғамда балалардың үніне назар аударту,

оларды мектеп, ел тірлігіне араласуға

үйрету мақсатында «Балалар үні»

тақырыбы бойынша балалардың

ойлары жеткізіліп, үндері тыңдалды. Бір

минуттық бейне, фотпост шығарылды.

Балаларды Қорғау Күні Балалар үні хэш-

тектері бойынша əлеуметтік желіге

жарияланды. Жеткіншектердің қауіп-

сіздігі – қоғамның ең маңызды міндет-

терінің бірі. Аудандық білім бөлімінің

«1 маусым – халықаралық балаларды

қорғау» күнін мерекелеуге арналған іс-

шара жоспарына сəйкес 2025 жылдың

29 мамырында «Балалардың қауіп-

сіздігі – басты назарда» тақырыбында

№8 өрт сөндіру бөліміне, №18, 31, 40

өрт сөндіру бекеттерінде аудан көле-

міндегі мектеп оқушыларына арналған

«Жас құтқарушы» атты танымдық

экскурсиялары ұйымдастырылды. Бұл

іс-шара оқушыларға төтенше жағдай-

лар кезінде дұрыс əрекет ету дағдыла-

рын үйрету, өрт сөндіруші маманды-

ғымен таныстыру жəне қауіпсіздік ере-

желерін түсіндіру мақсатында өткізілді.

Экскурсия барысында оқушылар өрт

сөндіру бөлімінің жұмысымен танысып,

арнайы техникаларды, өрт сөндіру-

шілердің құрал-жабдықтарын көріп,

олардың қалай қолданылатынын өз көз-

дерімен көрді. Сонымен қатар, маман-

дар балаларға өрт шыққан жағдайда не

істеу керек, #101# нөміріне қалай қо-

ңырау шалу керектігін, алғашқы көмек

көрсетудің негізгі жолдарын түсіндірді.

Аудандық білім бөліміне қарасты 67

жалпы білім беретін мектептерде

28 мамыр күні, балаларды интернеттегі

қауіптерден қорғауға жəне олардың

цифрлық сауаттылығын арттыруға

бағытталған «Кибер тұмар» ақпараттық

білім беру науқаны өтті. Онда оқушы-

ларға: Жеке деректерді қалай қорғау

керек?, Кибербуллингтен қалай сақта-

нуға болады?, Əлеуметтік желіні қауіп-

сіз пайдалану жолдары сияқты маңыз-

ды тақырыптар бойынша түсіндіру жұ-

мыстары жүргізілді. Мақсатымыз ба-

лалардың қауіпсіз цифрлық ортада да-

муына ықпал ету жəне олардың интер-

неттегі жауапкершілігін қалыптастыру.

Қазір білім бөлімі мен аудандық

полиция бөлімі 2025 жылға арналған

жасөспірімдер арасында құқықбұзу-

шылық пен қылмыстың, сондай-ақ

оларға қатысты жасалатын зорлық-

зомбылық пен бала еңбегін қанаудың

алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жос-

пары түзілген. Кəмелетке толмаған

жасөспірімдер арасында құқықбұзушы-

лықтың алдын алу бойынша білім беру

мекемелерінде психолог жəне əлеумет-

тік педагогтар тарапынан білім беру

ұйымдарында ерекше назардағы бала-

лар мен мектептерде тəртібі қиын, са-

баққа жиі келмейтін, оқу үлгерімі нашар

оқушылардың тізімі жасалып, олардың

ата-аналарымен жұмыстар жүргізілуде.

2024-2025 оқу жылында Түркістан

облысы білім беруді дамыту орталығы-

ның жұмыс жоспарына сəйкес, Сəбит

Мұқанов атындағы жалпы білім беретін

мектепте «Құқықтық тəрбие – құқық

бұзушылықтың, қылмыстың алдын

алу жəне болдырмау» тақырыбында

облыстық тəжірибелік семинар өт-

кізілді. Ордабасы аудандық прокурату-

расының ұйымдастыруымен «Біртұтас

тəрбие» бағдарламасы шеңберінде

«Заң мен тəртіп» қағидатын ілгерілету

мақсатында «Бұзушылыққа тоқтам»

жəне «Нашақорлыққа жол жоқ» тақыры-

бында Ордабасы ауданы бойынша жал-

пы білім беру мектептерінде кездесу

жиналыстары өткізілді. Жасөспірімдер-

дің бос уақытын тиімді пай-

далану мақсатында қосым-

ша біліммен қамтылған оқу-

шылар үлесі 78,1 пайызды

құрайды. Қазіргі таңда өткен

жылдармен салыстырғанда

жасөспірімдердің қатысуы-

мен орын алған қылмыстар

төмендеген. Жасөспірімдер

арасында өзіне-өзі қол жұм-

саудың алдын алу мақса-

тында жалпы білім беру

ұйымдарында оқушылар-

дан сауалнамалар алынды. Сауал-

намаға барлық білім беру мекемесіндегі

5-11 сыныптағы 21000 оқушы қатыс-

тырылды. Оған нəтижесі бойынша

анықталған 107 оқушымен жеке түзету,

кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Оқу-

шылар сауалнама нəтижесі бойынша

«Тəуекел» топқа алынды. «Тəуекел»

топтағы оқушылармен педагог-пси-

хологтар, əлеуметтік педагог, сынып же-

текшісі, директордың тəрбие ісі жө-

ніндегі орынбасарлары бірлескен жұ-

мыс жоспарын жасап, жұмыс жүргізілу-

де. Мектептерде жасөспірімдерге

психологиялық жеке түзету-дамыту жұ-

мыстарын жүйелі жүргізу үшін мектеп-

ке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын,

сондай-ақ арнайы білім беру ұйым-

дарын жабдықтармен жəне жиһазбен

жарақтандыру нормаларын бекіту

туралы заңына сəйкес арнайы кабинет-

термен жабдықтау жəне 500 балаға 1

тəжірибелі педагог – психологпен

қамтамасыз ету жоспарлануда.

Аудан бойынша қолайсыз 12 отба-

сында 33 бала бар. Олардың 4-еуі кол-

леджде, мектеп жасына дейінгі 2 бала,

жалпы білім беру мектебінде 27 бала

оқиды. Бұл отбасылардың балалары

толық орта біліммен жəне мектепке қа-

жетті құрал-жабдықтармен қамтылып,

балалардың мүддесін қорғау тиісті мек-

теп əкімшілігі тарапынан қатаң бақы-

лауда.

Ордабасы ауданының білім бөлімі

мемлекеттік мекемесінен жалпы білім

беру ұйымдарына 2025 жылғы 1 сəуір-

дегі № 41-09/649 шығыс хатымен жаз

кезінде балалардың судағы қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мақсатында іс-шара

жоспары жолданған. Жасөспірімдерге

«Суда шомылудың қауіпсіздік шарала-

ры», «Судағы қатерге ұшыраған адамға

алғашқы көмек», «Суық судың қауіпті-

лігі», «Суда қатты шаршаған кездегі іс-

əрекет», «Су иірімінен шығудың тəсілде-

рі» тақырыптарында рефераттар, дик-

танттар, шығармалар жазылып, ке-

ңінен насихатталған.

Мектептерде 1-8 сынып

оқушыларына арналған

жолда жүру типтік оқу бағ-

дарламасын бекіту туралы

№404 бұйрығына сəйкес

«Абай ла ңыз, балалар!»

атты іс-шарасы өтіліп, жол-

да жүру ережесі бойынша

ашық тəрбие сағаттары

өтілген.

Шұға НҰРАБАЕВА,

аудандық білім

бөлімінің басшысы.