МƏДЕНИЕТ ПЕН ТАРИХТЫҢ МƏЙЕГІ —МУЗЕЙ

17

Музей – тарихи-мəдени мұралар-

дың ордасы, бұл – тарихтың қоймасы.

Бабалар заманынан, салты мен

дəстүрінен сыр шертетін жəдігерлер

мен кешегі күннің естеліктер мекені.

Басқа еш жерден көре алмайтын

құнды жəдігерлерді біз дəл осы

жерден көре, əрі кездестіре аламыз.

Музей адамзат өркениетінің ең ке-

ремет жетістігі болып табылады. Му-

зей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі

ескерткіштерді, өнер туындыларын,

мəдени-тарихи құндылықтарды, тағы

да басқа мұраларды сақтап, жинақ-

тап, ғылыми-танымдық қызмет атқа-

ратын мекеме. Бұл сөз гректің «museion

» сөзінен алынған, «муза са-

райы» деген мағынаны білдіреді. Бү-

гінгі таңда музейлер өткен дəуір

құндылықтарын болашақ ұрпақ үшін

сақтап қана қоймайды, заттық жəне

рухани құндылықтарды танытуда, ғы-

лыми тұрғыда зерттеп, оның нəти-

желерін насихаттауда, осы негізде тə-

лім-тəрбие беруде маңызды рөл ат-

қарады, ғылыми-ағартушылық жəне

ғылыми-зерттеу ісімен айналысады.

Сондай-ақ комплектациялау, экспо-

зициялау, музей құндылықтарын на-

сихаттауды жүзеге асырады. Музей-

лердің қалыптасуы ұлттық сана-

сезімді оятуға, мəдени-саяси идея-

ларды (ой-сезімді) насихаттауға кө-

мектеседі. Музей ғылымның, білімнің,

мəдениеттің қалыптасуына ықпал

ететін ғылыми мекеме ретінде өске-

лең ұрпақтың тəрбиесіне, тарихи

сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Музейлер алғашында бағалы

бұйымдар мен заттар, мəдени жə-

дігерлерді сақтайтын қазыналық қор

ретінде қалыптасты. Олардың қалып-

тасуына көне замандардағы кол-

лекциялар негіз болды. Дүниежүзін-

дегі алғашқы музей Птолемей І тұ-

сында Александрияда б.э.д. 290

жылы оқу мекемесі ретінде ашылған.

Алғашында жабық түрде жинақтал-

ған, тек таңдаулы адамдарға ғана

көрсетілетін жеке коллекциялар кейін

көпшілік үшін қолжетімді бола бас-

таған.

Қазақстанда музейлер тарихы

1830 жылдан басталады. Музей ісінің

негізгі бағыттары – музейлік мұралар-

ды (жəдігерлерді) жинау, есепке алу,

сақтау, қорларды жүйелеу, қайта

қалпына келтіру (реставрациялау),

сақтау (консервациялау), зерттеу

нəтижелерін ақпарат жүйелерінде

тарату, музейлердің кадрлық жүйесін

жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйым-

дастыру түрлеріне: көрмелер, экспо-

зициялар ұйымдастыру, тақырыптық

дəрістер, ғылыми-практикалық кон-

ференциялар өткізу, музейлік басы-

лымдар шығару, тағы басқалар

жатады.

Музей – қоғамның тарихи жа-

дысы. Ол өткен мен қазіргі арасын-

дағы көпір болып табылады. Му-

зейлерде жиналған құнды экспо-

наттар əрбір адамның дүниетанымын

кеңейтуге, елдің тарихымен танысуға

мүмкіндік береді. Музейде сақталған

тарихи жəдігерлер, картиналар,

мүсіндер, қолжазбалар, ғылыми

жаңалықтар мен техникалық құ-

ралдар – осының бəрі белгілі бір ке-

зеңнің айқын көрінісі болып табы-

лады.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы —

əлемге əйгілі қазақ палуаны, қазақ

халқының мақтанышы. Ол өз кезе-

ңінде ауыр атлетика, күрес, күрес өне-

рінің түрлі түрлері бойынша көптеген

жеңістерге жеткен, сондай-ақ ұлттық

палуандардың ұлы мектебінің негізін

қалаған тұлға. Қажымұқанның есімі

тек қазақстандық ғана емес, əлемдік

спорт тарихында да алтын əріппен

жазылған. Қажымұқан атындағы об-

лыстық спорт музейінің мақсаты —

осы ұлы спортшының өмірі мен еңбек

жолын сақтап, оның ұрпақтарға же-

туін қамтамасыз ету. Музейде Қажы-

мұқанның жеке заттары, марапат-

тары, суреттері мен басқа да тарихи

құжаттары сақталады. Сонымен

қатар, ұлттық спорт түрлері мен қа-

зақтың халықтық ойындарына қа-

тысты да көптеген жəдігерлер бар.

Музейге келушілер Қажымұқанның

өміріндегі маңызды кезеңдермен

танысып, оның өміріндегі қиындықтар

мен жеңістер туралы көп нəрсе біле

алады. Музейдің тағы бір басты

бағыты — қазақ спорт мəдениетінің

дамуы мен оның қазіргі жағдайы.

Мұнда қазақ ұлттық спорт түрлерінің

тарихы, оларды дамытуға үлес қос-

қан тұлғалар мен қоғамның спортқа

деген көзқарасы туралы да ақпа-

раттар ұсынылады.

Қажымұқан атындағы облыстық

спорт музейі тек спорт тарихы мен

мəдениеті туралы білім беріп қана

қоймай, жастарды спортпен ай-

налысуға ынталандырады. Музейдің

көрмелері мен іс-шаралары спорттық

рухты көтеріп, дене шынықтырудың

маңыз ды лығын насихаттайды.

Музейіміз тек спорт сүйер қауым үшін

ғана емес, барлық жас ұрпақ үшін

маңызды орын болып табылады. Ол

ұлттық спорттың тарихын, дəстүр-

лерін жəне осы саладағы үлкен же-

тістіктерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді

мақсат етеді. Бұл музей Қажымұқан

бабамызға тұлғалық тағзым орны

болып табылады.

Музей – тарих қоймасы, тарихи-

мəдени мұралардың ордасы жəне

тарих пен тылсым сырлар мекені. Бұл

жерге келген адамның дүниетанымы

толысып, рухани байи түседі. Музей-

ге баруды əдетке айналдырайық, құр-

метті оқырман!

Сағат АЛУА,

«Қажымұқан атындағы облыстық

спорт музейі»

МКҚК-ның

экскурсия жүргізушісі.