Ордабасыда жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсетілді

50

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Ордабасы ауданында бірқатар маңызды кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрат Төлебаев ауданға қарасты 10 ауылдық округте «Еңбек адамына құрмет» атты тақырыпта кездесулер өткізді.

Іс-шараларға аудандық ішкі саясат бөлімі ұйытқы болды. Кездесулер барысында жергілікті еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандық иелері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жас ұрпаққа адал еңбек пен кәсіптік білімнің маңызын жеткізді.

Кездесу соңында еңбек озаттары мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды. Сонымен қатар, оқушыларға техникалық және жұмысшы мамандықтарды таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді.

Аталған шаралар жастардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, қоғамда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған нақты қадам болды.