Санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

798

Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандар және орталық көшелерде тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

Еңбекші ауданында мердігер мекеме “ЛТД Тұрмыс” ЖШС санитарлық тазалау, аядамаларды, көшелерді жуу, ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Мекемеден 178 адам 43 техника жұмылдырылған

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қаланың тазалығын сақтауға әрбір қала тұрғыны жауапты. Қаламызды көркейтуге бірге атсалысайық.