ӨЗІ НЕМІС, ӨНЕРІ ҚАЗАҚ МИХАЭЛЬ

Өзі неміс, өнері қазақ Михаэль мықты бала. Михаэль Александрович 14 жаста. Жетісай ауданының тумасы, домбырада еркін ойнайды. “Мың бала” байқауын ұйымдастырып, өнерлі этнос жастарды жарыққа шығарған Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесіне мың алғыс!
— “Мың бала” байқауының берері мол. Талантты этнос жастарды танитын, әрі көпке танытатын “Мың бала” байқауының ұлт руханияты мен ұрпақ тәрбиесіне қосары үлесі зор” — дейді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім” мекемесінің басшысы Эльмира Жангазиева.
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист