ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМДЕР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН МЕҢГЕРДІ

16

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта партияның Шымкент қалалық филиалында «Жасанды интеллект мұғалімнің көмекшісі ретінде» атты кездесуі өтті. Іс-шараға AMANAT партиясының хатшысы Шолпан Каринова, партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, «Daryn.Online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев, «Daryn Ustaz» педагогтердің біліктілігін арттыру орталығының директоры Ерлан Абдиманапов, Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік мектептер мен колледж директорлары қатысты.

Астана қаласынан арнайы келген сарапшылар жасанды интеллекттің білім беру саласына енгізілуінің артықшылықтарын жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, қағазбастылықты азайту, мұғалімнің жұмыс уақытын оңтайландыру, сабақ әзірлеу мен бағалау жүйесін жеңілдету, оқу процесінің сапасын арттыру сияқты нақты шаралар көрсетілді. Жолдауында жасанды интеллектті білім беру, денсаулық сақтау, басқару және өндіріс салаларына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен еді. Президент үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат ретінде айқындады.

Спикерлердің айтуынша, ЖИ құралдарын тиімді қолдана білген педагог бір күндік жұмысты бірнеше есе жылдам орындай алады. Бұл өз кезегінде мұғалімнің шығармашылыққа, өздігінен дамуға және оқушылармен жұмыс сапасын арттыруға көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Жолдауында жасанды интеллектті білім беру, денсаулық сақтау, басқару және өндіріс салаларына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен еді. Президент үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат ретінде айқындады.

Осы тапсырма аясында AMANAT партиясы еліміздің барлық өңірлерінде «Daryn.ai» платформасында мұғалімдерге арналған арнайы курстарды іске қосты. Бұл курстар педагогтерге заманауи технологияларды игеруге, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Кездесу барысында филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев педагогтердің кәсіби дамуына партия тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.