ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

34

Шымкент қаласында білім сапасын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған «Сапалы білім» кешенді жобасы іске асырылуда. Бастама оқыту сапасын көтеру, білім алшақтығын азайту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және оқу үдерісін цифрландыруды қамтиды.

Жоба аясында оқушылардың оқу, жазу, тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар өтеді. «Кітаппен қанаттан», «Абай оқулары», «Жыр бұлағы – сөз сыры», «Жыр додасы» секілді байқаулар оқылым мәдениетін қалыптастыруға бағытталса, «Алтын қалам», «Ұлттық диктант», «Сөз мерейі», «Озық ойлы ұлт» жобалары жазу сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерді дамытады.

Сонымен бірге оқушылардың сөйлеу мәдениетін көтеруге арналған «Сөз құдіреті» жобасы өткізіліп, дебаттар, челлендждер және түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

Қазіргі талапқа сай жасанды интеллектті меңгеру үшін қалада «Shymkent Bilim Hub» жобасы басталады. Бұл бастама мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, инновациялық білім беру тәжірибесін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Шымкенттің білім саласындағы бұл жаңа қадамдары оқыту сапасын арттырып, жаңа буынның бәсекеге қабілетті болуына ықпал етпек.

«Сапалы білім» кешенді жобасы – білім жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған стратегиялық бастама. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру, оларға қолжетімді, қауіпсіз және тиімді оқу ортасын қалыптастыру, сондай-ақ ұстаздардың кәсіби біліктілігін күшейту.

Жоба аясында білім беру ұйымдарында жаңа оқу әдістемелері енгізіледі, цифрлық технологиялар қолданысқа енгізіліп, оқу материалдарының мазмұны жаңартылады. Сонымен бірге, мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, заманауи кабинеттер, зертханалар және кітапхана инфрақұрылымы жасақталады.

«Сапалы білім» жобасының басты бағыттары:

  • оқу үдерісін жаңғырту және интерактивті әдістерді енгізу;
  • цифрлық білім беру ресурстарын кеңейту;
  • мұғалімдердің кәсіби даму бағдарламаларын күшейту;
  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
  • қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Бұл жоба – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, ел дамуына үлес қосатын маңызды қадам. Қоғамның интеллектуалды әлеуетін арттыру үшін «Сапалы білім» жобасының жүзеге асуы шешуші рөлге ие.