ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

35

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Польшаның «Fabe-Agro» компаниясының басшылығымен бірге құны 137 миллион АҚШ долларлық жылыжай кешені құрылысының басталуына арналған капсула салу рәсіміне қатысты.

Шымкенттің Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асырылып жатқан жобаның жалпы алаңы – 144 гектар. Қазіргі таңда қажет инфрақұрылым желісін жеткізу жұмысы басталып кеткен. Бұл кешен қаланың ең ірі агроөнеркәсіп нысандарының біріне айналмақ. Жоба іске қосылғаннан кейін мұнда жылына 36 мың тонна көкөніс өнімі өндіріледі және мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Мегаполис басшысы бұл жобаның Шымкенттің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына маңызды үлес қосатынын және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтатынын атап өтті. Қала әкімі, сонымен қатар, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашатын инвесторларды қолдау жалғаса беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, заманауи жылыжай технологияларын енгізу өнімділікті едәуір арттырып, өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде бағаның тұрақталуына және тұрғындарға балғын, сапалы көкөністі жеткізуге жағдай жасайды.

 

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе климаттық жағдайы құбылмалы өңірлерде сапалы өнім алу үшін заманауи жылыжайлар салудың маңызы зор. Жылыжай – өсімдіктерді табиғи климатқа тәуелсіз, жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін технологиялық нысан.

 

Заманауи жылыжайдың мәні мен маңызы

— Температураны автоматты реттеу

— Тамшылатып суару жүйесі

— Интеллектуалды жарықтандыру

— Қоректік заттардың автоматты берілуі

— Климаттық толық бақылау

 

Заманауи жылыжайдың қажеттілігі

  1. Жыл бойы өнім алу
  2. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі
  3. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  4. Экономикалық тиімділік
  5. Су мен энергияны үнемдеу
  6. Жұмыс орындарын ашу
  7. Импортты алмастыру

 

Заманауи жылыжай технологиялары

— Гидропоника және аэропоника

— Автоматтандыру және роботтандыру

— Энергия үнемдеу технологиялары

— LED-жарықтандыру

 

Артықшылықтары

— Тұрақты жоғары өнім

— Климаттан тәуелсіздік

— Экологиялық таза өнім

— Инновациялық басқару жүйесі

Заманауи жылыжай салу – ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыты. Ол елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, фермерлердің табысын арттырады және экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік береді.