Серпінді сенбілік өтті

341

Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында дәстүрлі сенбілік жұмыстары Қабанбай батыр көшесінің аулаларында жалғасын тапты.

Аудан әкімдігі мамандары қала еріктілерімен бірге 6 топқа бөлініп, нәтижелі жұмыс атқарды. Іс-шара барысында 31 аула күл-қоқыстан тазартылып, қураған, сынған ағаштар шығарылды.

Мұндай тазалық іс-шаралары Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға шақырамыз.