«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» 2025 ЖЫЛДЫҢ 4 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ӨТТІ

7

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

«Мансап» орталығындағы өткен іс-шарада аудан әкімі аппаратының бас инспекторы М.Кенжебеков, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Байтеміров, «Мансап» орталығының директоры Е.Әбиев және қызметкерлері жұмыс іздеп жүрген азаматтарға, жұмыссыздарды тіркеу, еңбек имигранттары кызметін алатын кәсіпкерлерге еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік қызметтерін алу бойынша керекті құжаттар тізімін таныстырып және кеңес берілді.

Сонымен қатар, аталған қызметтерді алу үйден шықпай интернет көмегімен, ауыл округі әкімі аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» немесе eGov.kz және enbek.kz порталдары көмегімен алуға болатыны болатыны туралы кеңес берілді.