ӘРБІР АРЫЗ-ШАҒЫМ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

1

Бүгін Сайрам ауданының әкімі М.Мұхтарұлы аудандық «AMANAT» партиясының ғимаратында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген 20-ға жуық тұрғынның басым бөлігі жер мәселесіне қатысты арыз-шағымдарын жеткізді. Сонымен қатар, ауылдық округтердегі инфрақұрылым мәселелері де көтерілді. Ал, қаржылық алаяқтыққа алданған тұрғындарға арыз жазу тәртібі мен оның заңдылығы түсіндірілді.

Қабылдауда айтылған әрбір тұрғынның мәселесі хаттамалық тапсырмаға енгізілді.

Аудан әкімі бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тұрғындардың өтініштері бойынша жедел әрі сапалы жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, барлық мәселе заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.