ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

9

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев энергетика саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан басшысы құттықтауында энергетика саласы ел экономикасының тірегі, халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

– Энергетика саласы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында аудан тұрғындары жарық пен жылумен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр. Бұл – жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Сіздердің еңбектеріңіз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда, – дей келе Арман Абдуллаев, сала мамандарын марапаттады.

Салтанатты жиында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Сарыағаш аудандық электр желісі мекемесінің бастығы Айдос Айменов қатысып, кәсіби мерекемен құттықтады.

Мерекелік жиын көтеріңкі көңіл күйде өтіп, энергетика саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.