ЖОНАРЫҚ АУЫЛЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН КІТАПХАНА БОЙ КӨТЕРУДЕ

11

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан әкімі нысанды аралау барысында құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуына ерекше назар аударды.Елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Аталған мәдениет нысанының құрылысын: «ST-SERVICE KZ» ЖШС –і тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда, нысан орналасқан жер учаскесіне қатысты жерге орналастыру жобасы бекітіліп, барлық қажетті жер жұмыстары толықтай атқарылған. Атап айтқанда, қазаншұңқыр қазылып, іргетасын құю жұмыстары аяқталған, сондай-ақ бетонды судан қорғау мақсатындағы гидроизоляциялық жұмыстар жүргізілген. Сонымен қатар, ғимараттың бірінші қабатының кірпіш қалау жұмыстары толығымен аяқталып, бетон жабыны (плита) орнатылған.

Айта кетсек, жаңа мәдениет нысаны іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының рухани-мәдени өмірін жандандырып, жастар мен оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасайтын болады.