КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп,кезектілік тәртібімен жазылған ауданның тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның дербес бөлім басшылары әр мәселенің шешу жолдары қарастырылды. Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік көмек,тұрғын үй кезегі және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
-Біздің мақсатымыз – жеке қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін қанағаттандыру. Алайда, әр мәселе заң аясында шешілуі тиіс екенін де ескерткім келеді,-деді Арман Абдуллаев.
Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.Сондай-ақ аудан басшысы қабылдауда әрбір тұрғынның өтініші аяқсыз қалмай, жіті бақылауда болатынын атап өтті.
Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13








