РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарыағаш ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасына қатысты ZOOM байланысы арқылы кеңейтілген жиын өтті.
Кеңейтілген мәжіліске Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің 1-санатты инженері Алтын Ошақбаева, Азия даму банкінің өкілі Қанат Сердалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің бастығы Ержан Жумабек, Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Абай Молданов, «KHG Project» ЖШС директоры Жақсылық Сейділда, сондай-ақ Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов қатысты.
Жиын барысында жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы, инженерлік-техникалық шешімдері, жол құрылысына қажетті жер телімдеріне қатысты мәселелер, сондай-ақ жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар, заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан бірқатар нақты ұсыныстар айтылып, жобаны іске асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді шешу жолдары нақтыланды.
Айта кетсек, жиынның негізгі мақсаты – республикалық маңызы бар айналма жол құрылысы жобасын іске асыру барысында туындайтын жер қатынастарына байланысты мәселелерді талқылап, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиімді шешу жолдарын айқындау.








