САРЫАҒАШ: СІРГЕЛІ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ЖАҢА АРКА ОРНАТЫЛЫП, ІШКІ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданының Қабланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекеніне кіреберіс аумағына демеушілердің қолдауымен жаңа арка орнатылды. «PARYZ» ҰЖБК Президиумының төрағасы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың тарапынан орнатылған арканың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысының құрметті азаматтары арнайы қатысып, ауыл ақсақалдарымен бірге лентасын қиды.
Бұдан бөлек, Қабланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекенінің бірқатар көшелерінде жергілікті бюджет есебінен орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Қызқұдық, Есқұлов және Д. Спанов көшелеріне жаңа асфальт жамылғысы төселді. Жөндеу жұмыстарын «Bairkym Company» ЖШС мердігер мекемесі атқарды, тапсырыс беруші — Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Сонымен қатар, Қызқұдық көшесінің бойында инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 1700 метр суағар құрылғысы орнатылып, ұзындығы 985 метр болатын жаңа аяқжол салынды. Көшенің жарықтандыру жүйесін жаңғырту мақсатында 22 дана екіжақты түнгі жарықшамдары орнатылды.Көше бойына жасыл желектер егілген.








