БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының Білім басқармасы басшысының міндетін уакытша аткарушы Гүлнәр Дәрібаеваның бұйрығымен Елдос Даулетұлы Саметов басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Елдос Саметов 2010 жылы «КИМЭП» университетін «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақстан халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Манчестер Университетінің «Басқару және Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2010 жылдан 2012 жылға дейін коммерциялық және басқа да құрылымдарда жұмыс істеді.
2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы, Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінде департамент директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2019-2020 жылдары «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Жобаларды үйлестіру және халықаралық серіктестік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық реформалар департаментінің бас консультанты лауазымын атқарды.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Институционалдық даму департаментінің директоры қызметін атқарған. Шымкент қаласының Білім басқармасы басшысының міндетін уакытша аткарушы Гүлнәр Дәрібаеваның бұйрығымен Елдос Даулетұлы Саметов басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.